Biblio ART: режиссермен кино көреміз. Алексей Горлов “История одной старушки”

«Тұран» кітапханасы Turan Film Academy-мен бірлесе отырып, BiblioART жобасы аясында режиссер Алексей Горловтың «История одной старушки» көркем фильмін көруге шақырады.

 

Кинокөрсетілім 16 сәуір, сағат 14:00-де Достық даңғылы 110 – Сатыбалды Нарымбетов атындағы Кинозалда өтеді.

 

«История одной старушки» – бір кадрмен түсірілген толық метражды көркем фильм. Бұл әдіс «қатысу әсерін» тудырады, – дейді картина авторы.

 

Фильм прокатқа 2014 жылы шыққан, бірақ барлық уақытта өзекті. Бұл отбасылық қарым-қатынас, бақыт пен қайғы және ең бастысы – кез-келген жағдайда адам болып қалу туралы көрсетілген өмірлік мәні бар фильм.

 

Фильмді көріп біткеннен кейін режиссер Алексей Горловпен талқылау болады.

Online қабылдау