«Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Серғазин Эльдар 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды

«Тұран» университетінің «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Серғазин Эльдар белсенді қатысқаны және «Жұмыссыздықтың өсуі жағдайында технологиялық прогрестің дамуы» атты ғылыми жұмыс жазғаны үшін 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Бұл жұмыс «Ғылым, қоғам, технология: қазіргі әлемдегі өзара әрекеттесу проблемалары мен перспективалары» (Ресей Федерациясы) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Экономикалық ғылымдар» секциясында сынақтан өтті. «Жаңа ғылым» халықаралық ғылыми серіктестік орталығының басшылығы Серғазин Эльдардың ғылыми жұмысын дайындауға көмектескені үшін ғылыми жетекші – Елшібекова Құралай Жанатқызына АЛҒЫС білдірді.

Online қабылдау