«Тұран» университеті мен колледжінің баскетбол командасы 2021/2022 Ұлттық баскетбол студенттер лигасында екінші орын алды

Жарыс 2-9 сәуір аралығында Тараз қаласында өтті.

Лигаға қатысқан командалардың жалпы саны – 17.

«Тұран» баскетбол командасының капитаны – Бакибаев Аян.

«Тұран» баскетбол командасы Алматы дивизионынан «Емтиханға» түсіп, алты матчтың тек біреуінде ғана ұтылып, екінші орынға ие болды. Ал «Емтихан»-ның топтық кезеңінде олар С тобында алға шықты.

Ширек финалда «Тұран» командасына Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ қарсылық көрсете алмады, ал жартылай финалда С.Торайғыров атындағы ПМУ командасын ұтты.

Финалда «Тұран» командасы екінші орынды иеленді.

Командаларды негізгі марапаттаумен қатар, финалдың үздік ойыншылары мен жаттықтырушыларына жеке марапаттар табыс етілді, онда «Тұран» командасының шабуылдаушы қорғаушысы Станислав Сахипов «Үздік қорғаушы» атағына ие болды.

Online қабылдау