ҚР БҒМ 25.02.2022 ж. №14-2/287-ВН хатына сәйкес, 2022 жылы “Қаржы” білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізу базасы “Тұран “университеті” мекемесі болып табылады.
2022 жылғы 22 сәуірде “Тұран “университеті” мекемесінде “Қаржы” білім беру бағдарламасы бойынша “Қазақстан қаржысы: жаңа сын-тегеуріндерге жауап іздеу”тақырыбында XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтеді.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақша, орысша.
Жеңімпаздар “Тұран”университетінің дипломдарымен марапатталады:
- 1 орын үшін-I дәрежелі (бір студенттен артық емес);
- 2 орын үшін – II дәрежелі (екі студенттен артық емес);
- 3 орын үшін – III дәрежелі (үш студенттен артық емес).
Дипломдар Олимпиада аяқталғаннан кейін тапсырылады. Қатысқаны үшін сертификаттарды Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың барлық қатысушылары марапатталынады.
Үздік жобалар Қазақстанның қаржы нарығының көшбасшы серіктестерінің сыйлықтарымен және сертификаттарымен марапатталады.
XIV РСПО серіктестері:
- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы
- IDF Eurasia халықаралық қаржы тобы
- Қазақстандағы бірінші және ең ірі баламалы кредит беру онлайн-сервисі “Solva”
- “Коммеск-Өмір “Сақтандыру компаниясы”АҚ
- “Сентрас Иншуранс “Сақтандыру компаниясы”АҚ
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз:
- Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті,”Инвестициялық тартымдылық аймақтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде” жобасы;
- “Торайғыров университет” коммерциялық емес акционерлік қоғамы, “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржылық модельдеу” жобасы;
- “Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ, проект “Қазақстан Республикасының қаржы нарғына дағдарыстың әсері”;
- М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, “Қаржылық сауаттылық” жобасы;
- Астана халықаралық университеті, “Қазақстан қаржысы: жаңа сын-тегеуріндерге жауап іздеу”жобасы;
- КЕАҚ “Торайғыров Университет”, “Даму ерекшеліктері бар балаларды қолдаудың қаржылық аспектілері”жобасы;
- Almaty Management University, “Қазақстан Республикасындағы инновациялық және қаржылық эволюцияның даму факторлары”жобасы;
- Академик Е. А. Бәкетов атындағы Қарағанды университеті, “Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландырудың даму болашағы”, жобасы;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, “техникалық талдау қаржыгерлердің басты құралы ретінде”жобасы;
- Нархоз университеті, “Цифрландыру жүйесін қол алу және банктік технологиялардың заманауи үрдістері”жобасы;
- Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, “Жаһандық тәуекелдерді дамыту жағдайында Қазақстанның банк секторын цифрландыруды дамыту перспективалары”жобасы;
- “Тұран “университеті” мекемесі, ” Уақыттың жаңа сын-қатерлеріне жауап ретінде қаржы секторының жаңа мүмкіндіктері “жобасы.