Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа жолдауын студенттер арасында насихаттау мақсатында 31 Наурызда Министрліктер үйінде «Жаңа Қазақстан!»: Жаңарту және жаңғырту жолы” атты республикалық конференциясы өтті. «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті Мұқашева Гүлден Әлібекқызы (жетекшісі – қауымдастырылған профессор, PHD докторы Джумабаева Қарлығаш Асылханқызы) 22 қазан мен 31 наурыз аралығында Bilim-orkenieti ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен “ТМД үздік студенті” халықаралық байқауының 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды. “Құқықтану және ХҚ” кафедрасы жеңімпаз бен оның басшысын құттықтайды және алдыңғы уақытқа жеңістер тілейді!