Workshop «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарының келешегі мен жүзеге асырылуы»

2022 жылдың 12 сәуірінде Тұран университетінде «Білім, ғылым және бизнес интеграциясы: инновациялар және даму векторлары» тақырыбындағы «Ғылым апталығында» «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрадасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарының перспективалары мен жүзеге асырылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі PhD Төлен Ж.М. модератор ретінде жүргізіп, шараға университет ғалымдары, зерттеушілер, сарапшылар және студенттер қатысты. Дөңгелек үстелге PhD, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Н.И.Айтымбетов «ҚР білім беру жүйесінің цифрлық технологияларына көшуі» тақырыбы бойынша, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының сарапшысы Нуров М.М. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың мәселелері мен перспективалары: мәдениеттану және саясаттану пәндер үлгісінде» тақырыбында, тарих ғылымдарының докторы, кафедра профессоры К.У.Торланбаева «Қазақстанның тұрақты дамуы туралы Президент Жолдаулары» тақырыбында, Саясаттану ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Ш.А.Ишмухамедов Қазақстандағы қазіргі саяси реформалар оның перспективалары туралы баяндады. PhD С.Ш. Юсупова Азаматтық ұстанымдарға негізделген қоғам қалыптастырудағы гендірлік теңдік, патриархалды қоғамның қалыптасу тарихы туралы жүргізіліп жатқан ғылыми жұмысының нәтижелерімен бөлісті.

 

Дөңгелек үстел соңы студенттер тарапынан сұрақ жауаппен жалғасып, ғылыми талқыға ұласты. Дөңгелек үстел қорытындысы ретінде, ортақ ғылыми резолюция қабылданды.

Online қабылдау