«Тұран» университеті «Халықаралық қатынастар» 3-курс студенті Болат Рамина 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды

«Тұран» университетінің «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Болат Рамина Алаш қозғалысының қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың Республикалық ғылыми жұмыстар байқауына белсене қатысып, жеңіске жеткені үшін 1-Дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобасында «ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының латын әдебиетіне көшуге байланысты ұстанымы» атты тақырыпта қатысты. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы Болат Раминаның ғылыми жұмысын дайындауға көмектескен ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің доценті Каримова Зульфия Кәрімқызына АЛҒЫС білдірді.

Online қабылдау