2022 жылдың 14-15 сәуірінде TURAN SCIENCЕ FORUM аясында студенттерге арналған YOUNG TURAN SCIENTISTS квесті өтті. Жобаның модераторы – «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторы Мухамедали Ахметжанович Мусаев, Жастар ісі жөніндегі комитет басшысы Мансур Алимовтың қолдауымен болды.
Квестке гуманитарлы-заң факультетінің алты кафедрасының студенттері қатысты. Әрбір команда үшін тиісті кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамынан ментор тағайындалды.
Квест екі кезеңде өтті: бірінші кезең университет қабырғасында ұйымдастырылды, онда студенттер ментордың басшылығымен өздерінің білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін ескере отырып, бизнес-идеяларды әзірледі. Ал командалардың басты міндеті өз идеясын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен біріктіру болды.
Екінші кезең «Тау-Туран» сауықтыру-білім беру кешенінің аумағында өтті. Сауықтыру базасына келгеннен кейін жоба шеңберінде командаларды біріктіру үшін қатысушылар арасында тимбилдинг өткізілді. Команда құру бойынша барлық тапсырмаларды сәтті аяқтағаннан кейін студенттер өз жобаларын қорғауға кірісті.
Командалар:
ПОҚ және ЖІК өкілдерінен құралған қазылар алқасы студенттердің жұмыстарын бағалады:
Барлық ұсынылған жобалардың өзіндік ерекшелігі және бизнес-ортада іске асыру мүмкіндігі бар. Қатысушыларды салтанатты марапаттау 2022 жылдың 20 сәуірінде өтеді.
Гуманитарлы-заң факультеті қатысушыларды құттықтайды және алдағы уақытта табыс, лайықты жеңістер мен лайықты наградалар тілейді!