Тәжірибелік сессия «Әйелдер кәсіпкерлігі – жаһандық тренд»

2022 жылғы 18 сәуірде White hall – да Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, “Тұран” университеті және Н. Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастырған “Ғылымды, білімді және қоғамды жүйелі трансформациялау” халықаралық ғылыми-білім беру форумы шеңберінде “Әйелдер кәсіпкерлігі-жаһандық тренд” практикалық сессиясы басталды.

 

Практикалық сессияның міндеттері Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің ерекшеліктерін, өз ісін ашудың негізгі себептерін, мәселелер мен таптаурындарды, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағыттарын және т. б. талқылау болды.

 

Әйелдер кәсіпкерлігі – Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңа құбылыс, және оның пайда болуы экономиканың дамуымен байланысты елдегі елеулі экономикалық өзгерістерге ғана емес, сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да байланысты болды. Осыдан кейін, бұл тақырыпқа қызығушылық арта түсті.

 

Тәжірибелік сессияда қатысушылардың байқауы бойынша, әйел адамдар консолидацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді және ең алдымен қаржылық емес, мемлекеттің ақпараттық-құқықтық қолдауына, әйел адамдардың  кәсіпкерлігінің мәртебесінің нығайуы мен артуына баса көңіл бөлетіндігін атап өтті. Әйелдер тұрақты іскерлік стратегияларды дамытуға, өз бизнестерін аса  жауапкершілікпен және сақтықпен жүргізуге бейім.

 

Практикалық сессия жұмысына және тақырып мәселелерін талқылауға докторанттар, студенттер мен магистранттар және профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.

 

Айта кететін жайт, Қазақстанда ” Ғылым, білім және қоғамның жүйелі трансформациясы” Халықаралық ғылыми-білім беру форумы өз жұмысын, дәл  кәсіпкерлікті дамыту тақырыбымен бастады.

 

«Әйелдер кәсіпкерлігі –  жаһандық тренд»  тәжірибелік сессиясының спикерлері

  1. Бугимбаева Чинара – «Компания Қағанат сервис» ЖШС- ның негізін қалаушы, Ernst & Young “Жыл кәсіпкері” (EY Entrepreneur Of The Year) халықаралық байқауының ” Қызмет көрсету саласының көшбасшысы” номинациясы бойынша ұлттық кезеңінің жеңімпазы
  2. Светлана Канкәсіпкер, Азияның абсолютті чемпионы және тхэквондодан әлем чемпионы
  3. Калык Аселькәсіпкер, дизайнер, ACG Group дизайн және сәулет студиясының негізін қалаушы.

Модераторлар:

  1. Акеркин Эралиева – Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары, PhD
  2. Тусупова Лейла Амангельдиновна – э.ғ.д., профессор, “Тұран” университетінің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры
Online қабылдау