2022 жылғы 22 сәуірде “Білім беруді дамыту үрдістері: үздік ресейлік және халықаралық практика” халықаралық конференциясы шеңберінде “Инновациялық-кәсіпкерлік білім беруді дамыту: халықаралық тәжірибе”халықаралық дөңгелек үстелі өтті

2022 жылдың 22 сәуірінде “Әлемдік және ұлттық экономика” және “Менеджмент” кафедраларының,   Н.И.Лобачевский атындағы Нижгородтық мемлекеттік, стратегиялық серіктес университетімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырған, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» атты дөңгелек үстел қашықтықтан өткізілді. Халықаралық форум жоғары оқу орындарының инновациялық-кәсіпкерлік қызметін дамытудың өзекті мәселелерін жан-жақты және кеңінен талқылау, зерттеушінің кәсіпкерлік құзыреттің  бағытында оқытушы,консультант, инновациялық жобалардың зерттеушісінің  функцияларын трансформациялау, студенттерде кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру, бизнесті ұйымдастыру технологияларын меңгерген бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау, университеттік, кәсіпкерлік секторының, ғылыми және білім беру ұйымдарының инновациялық әлеуетін іске асыру мақсатында институционалдық жағдайларды жақсарту үшін, сондай-ақ әріптес жоғары оқу орындарымен  тиімді халықаралық коллаборациясын құру үшін диалог алаңына айналды.

 

Құттықтау сөз сөйледі:

  • Петрова Ольга Викторовна – Нижний Новгород облысының Білім, ғылым және жастар саясаты министрі, университеттердің инновациялық және кәсіпкерлік қызметін дамыту мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, жемісті жұмыс тіледі;
  • Разакова Дина Ибрагимовна– “Тұран” университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ресей, Беларусь және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында жемісті тәжірибе алмасуға өз тілегін білдірді.

 

Дөңгелек үстел жұмысына Ресей, Беларусь және Қазақстанның білім беру ұйымдарының, сондай-ақ “Атамекен”ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстел отырысы экономика ғылымдарының докторы, профессор, әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, Қазақстан экономика ғылымдары академиясының академигі, ХАА академигі Арупов Акимжан Аруповичтің басшылығымен өтті.

 

Талқылау басында “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Токтыбеков Т.А. өз баяндамасында кадрларды даярлау кезінде білім беру үдерісіндегі теория мен практиканың өзара әрекеттесу мәселелерін қарастырды.

 

ММХҚИ Халықаралық бизнес және іскерлік әкімшілік факультеті деканының орынбасары Арупова Н. Р. университеттің инновациялық-кәсіпкерлік экожүйесін дамытудағы тәжірибесімен бөлісті.

 

Н.И. Лобачевский  атындағы ННМУ профессоры. Чепьюк О. Р. өз сөзінде ЖОО-да инновациялық кәсіпкерлікке оқытудың әдістері мен тәсілдеріне баса назар аударды.

Талқылауды жалғастыра отырып, “Тұран” университетінің профессоры, білімді ақпараттандыру ҒЗИ директоры К.С.Абдиев кәсіпкерлік ЖОО оқытушысының педагогикалық қызметінің кәсіби стандарт талаптарына сәйкестігі бойынша өз пікірін білдірді.

 

Лобачевский университетінің Қаржы және несие кафедрасының доценті В.С. Кравченко ресейлік бағдарламалармен және жас зерттеушілердің ғылыми-техникалық жобаларын қолдаудың мысалдарымен таныстырды.

Бұдан әрі ҚазЭҚХСУ “Экономика” кафедрасының меңгерушісі А.А. Мұхамеджанова заманауи білім беру мекемелерінде менеджментті ұйымдастыру мәселесімен сөз сөйледі.

 

Янки Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің Халықаралық бизнес және маркетинг кафедрасының меңгерушісі Ли Чон Кудың баяндамасы аймақтық университеттегі инновациялық кәсіпкерлік білімнің рөлі мен құрылымына арналды.

 

Одан әрі талқылау барысында Лобачевский университетінің Басқару психологиясы кафедрасының доценті Прохорова М.В. тәлімгер инновациялық кәсіпкерлік жобаларды қолдайтын іс-шаралар траекториясын зерттеу нәтижелерімен, сондай-ақ инновациялық кәсіпкерлік жобалар тәлімгерінің кәсіби маңызды қасиеттерімен бөлісті.

 

“Тұран” университетінің “Менеджмент” ББ- ның 3 курс докторанты Жаханова З.Р.  3.0 университеттеріндегі адами капиталды басқарудың ерекшеліктері туралы айтты.

“Атамекен “ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілі,  қорытынды баяндамасында ЖОО түлектерін жұмысқа орналастырудың маңызды мәселелерін көтерді.

 

Ресей, Беларусь және отандық университеттер өкілдерінің пікір алмасуы өте жемісті болды. Барлық мәселелер бойынша пікірталас қызу әрі өзекті сипатқа ие болды, оған серіктес жоғары оқу орындарының жас зерттеушілері, докторанттары, магистранттары белсенді қатысты.

 

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша конференцияның жалпы резолюциясына қосу үшін серіктес жоғары оқу орындарының инновациялық-кәсіпкерлік білім беруді дамыту саласындағы одан әрі ынтымақтастығына бағытталған бірқатар ұсынымдар ұсынылды.

Online қабылдау