«Ғылым, білім және қоғамның жүйелі трансформациясы» атты халықаралық форум аясында «Есеп және аудит» 3 курс студенттері үшін «Транспроектсервис» ЖШС бас бухгалтері А. С. Кожаеваның «Қорларды бағалау әдістері және тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын анықтау» тақырыбында мастер класс өткізілді. Қорларды бағалау әдісін таңдау компанияның қорларын сатып алу бағасының өзгеруі жағдайында өзекті болып табылады. Сатып алу бағасының өзгеруі және кезең соңында қалған қорлардың болуы оларды бағалау мәселесін тудырады.
А.С. Кожаеваның презентациялық материалы өндірістік жағдайларға, студенттер үшін мысалдар мен тапсырмаларға толы болды. Студенттер бизнес жағдайын талқылауда белсенділік танытып, шығарылған есептер нәтижелері бойынша сұрақтар қойды.