2022 жылдың 22 сәуірінде «Есеп және аудит» БББ 3 курс студенттері «CentrauditKazakhstan» Ұлттық аудит компаниясының «Сапаны бақылау және әдістеме» тобының бас маманы Хван Марина Витальевнамен кездесті. Студенттер аудиторлық компанияның жұмысы туралы пайдалы ақпарат алды. Аудиторлық қызметтің ерекшеліктері туралы, аудитор ретінде жұмыс істеу үшін маңызды арнайы пәндер туралы сұрақтар қойылды. Аудитордың мансаптық өсуі үшін студенттердің алған бухгалтерлік құзыреттіліктерінің маңыздылығына көп көңіл бөлінді. Студенттер барлық сұрақтарына жауаптарын алды.