28 сәуір 2022 жылы 6B04104-Әлемдік экономика мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

28 сәуір 2022 жылы 6B04104-Әлемдік экономика мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік  олимпиада осы жылы оффлайн форматында Нұр-Султан қаласында #EsilUniversity  өтті. Осы мамандық бойынша @univer_turan «Тұран» университетінің  3 курс студенттері Укибаева Жанна, Беккалиқызы Аружан, Думанқызы Құндыз, аға-оқытушы Иркитбаева Асель Бақытқызы ғылыми жетекшілігімен бұл жолы да мақсатына жетіп, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

 

Сайыс 3 этаптап тұрды:

  • Ғылыми эссе жазу (белгіленген тақырып бойынша);
  • «Халықаралық бизнес», «Әлемдік экономика» және «Әлемдік тауарлы-шикізат нарықтары» пәндерінен ағылшан, қазақ тіліндерінде аралас тест тапсыру;
  • Кейсті талдау және өзіндік шешім беру.

Қатаң бәсекелестік сайыстың нәтижесінде Беккалиқызы Аружан мен Думанқызы Құндыз мараптқа ие болып, ал Укибаева Жанна жүлделі орын 1 дәрежелі ҚР БжҒМ дипломына ие болды.

 

Біз студенттерді құттықтап, оларға ары-қарай табыстарға жетулеріне тілектеспіз!

Online қабылдау