6 мамырда»Turan Innovation»-да бірінші орын алған бизнес-жоба («Trip with Turan») шеңберінде сапар өтті. Сапарды «Туризм және сервис»кафедрасының оқытушысы М.А. Мусаев ұйымдастырды. Тур аясында 2 күн ішінде туристер Көлсай көліне, Қайыңды көліне, Шарын каньонына, «қара каньонға», Бартоғай су қоймасына барды. Сондай-ақ, турға Саты кентінде тұру, тамақтану, жайлы көлік кірді. Сапар барысында үшінші шығу тақырыбы талқыланды және бірнеше орын таңдалды. «Туризм» ББ студенттері Алматы облысы бойынша экскурсия өткізуде тәжірибе жинақтады.
Барлық туристер риза болды, сондай-ақ «Trip with Turan» адал (тұрақты) турист-экскурсанттар қауымдастығы құрылды.