«Ғылым қоры» АҚ коммерцияландыруды қолдаудың жаңа бағыты тұжырымдамасының презентациясын өткізді

Жаңа Қазақстанның дамуына ықпал ететін жаңа стратегиялық шешімдерді талқылау үшін “Тұран” университетінің бизнес-залында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бизнес-инкубаторлары мен акселераторларының бастамашыл тобын жинау қазірдің өзінде дәстүрге айналған.

 

2022 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы ЖОО бизнес-инкубаторлары мен акселераторларының бастамашыл тобы Ғылым қорының өкілдері Құрманғазы Омаровпен және оның бөлімімен «Бизнес-инкубаторлар мен акселераторларды қолдау» бюджетін талқылауға қатысты онлайн кездесуі өтті. Бұл жиынға 50-ден астам университет жиналды. Ғылым қоры жеделдету бағдарламасын әзірлеу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынатын бюджетті талқылады. Бұл пікірталас «Технологияларды коммерцияландырудағы мәселелер және оларды шешу жолдары» атты онлайн кездесулердің жалғасы аясында өтті.

 

Ғылым қорының бастамасы қолдау тауып, ЖОО өкілдерімен акселерация бағдарламасының тұжырымдамасын одан әрі әзірлеу бойынша ұсыныстар жасалды.

 

2022 жылдың 13 мамырында «Тұран» университетінің (Алматы қ.) бизнес-холлында Қазақстан Республикасы ЖОО-ның Бизнес-инкубаторлары мен акселераторларының жұмыс тобының Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің, Қазақ-Британ Техникалық Университетінің, Халықаралық Бизнес Университетінің (UIB), Халықаралық Білім Беру Корпорациясының (ҚАУ және ҚАЗБСҚА), С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің, Тұран-Астана Университетінің, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің, Милан техникалық университетінің, MOST жекеменшік бизнес-инкубаторы қатысуымен, одан кейін ҚР БҒМ Ғылым қорының жеделдету бағдарламасының тұжырымдамасын онлайн форматта талқылау отырысы өтті.

 

Таныстырылым барысында көкейкестілік пен басым міндеттер талқыланып, стратегия қарастырылып, жеделдету бағдарламасының тиімділігіне әсер ететін тәуекелдер бағаланды.

 

Жиынға қатысушылар Ғылым қорының осы жеделдету бағдарламасы жаңа әрі креативті және ғылымды дамыту мен жалпы оны коммерцияландыруға қажетті екенін атап өтті.

 

Ғылым қорының өкілдері өз кезегінде қызу сындарлы пікірталасқа және оның ғылыми жобаларды коммерцияландыруды дамыту бағдарламасының жаңа бағытын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

 

«Тұран» университетіндегі бұл жиындар қашанда жедел және жұмыс тәртібінде өткізіліп, бастамашыл топ жұмысының тиімділігін арттырады.

Online қабылдау