2022 жылдың 20 мамырында «Тұран» университетінің «Есеп және аудит» кафедрасы «Центраудит-Қазақстан» Ұлттық аудиттерлік компаниясымен бірлесіп, экономика ғылымдарының докторы, профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Радостовец Владимир Константиновичтің ғылыми қызметіне арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция тақырыбы: «Цифрлық экономикадағы бухгалтерлік есепті, аудитті және талдауды трансформациялау». Конференцияға Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан университеттерінің жетекші экономистері мен профессорлары, сондай-ақ есеп және аудит саласында жұмыс істейтін практиктер қатысты. Конференцияда ұстаз және әріптес В.К.Радостовец туралы естелік сөздер тыңдалды. Көп көніл бухгалтерлік есепті, аудитті және экономикалық талдауды цифрландыруға байланысты мәселелерді шешуге аударылды. Конференция материалдары негізінде ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.