Қазақстан Республикасы сенаторларының «Тұран» университеті ПОҚ активімен кездесуі

2022 жылғы 30 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Сенаторлары Б.Т. Жұмағұлов, Д. Ж. Нөкетаева, С. А. Мәкежанов “Тұран” университетінің профессор-оқытушылар құрамының белсенділерімен конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелері бойынша кездесті.

 

Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының хатшысы С.В. Канкуров, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ш. А. Шардинов, университет басшылығы, ПОҚ, университет қызметкерлері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны-85 адам.

 

Кездесу “Тұран” университетінің базасында оффлайн-форматта өтті. Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Конституциясына ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріп, референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті, өйткені Конституциялық реформа азаматтардың өмірінің барлық салаларына қатысты.

 

Депутат Нүкетаева Динара Жүсіпәліқызы Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы интернационалдандыру бағыттары, кәсіптік бағдар беру мамандарын мектептерде енгізуді жоспарлау туралы айтып берді. Сенаторлар университет ұжымының әйелдер арасындағы зейнеткерлік жасты төмендету, пандемия кезеңіне байланысты оқыту сапасындағы мәселелер туралы сұрақтарына жауап берді.

Online қабылдау