Turan бизнес-инкубаторы базасында алғаш рет резиденттердің жергілікті және шетелдік стартаптарға және табысты кәсіпорындарға тағылымдамадан өтуі бойынша Study tour бағдарламасы жүзеге асырылды

2022 жылғы 17 мамырда Тұран университеті мен “ҚАЗСТЕКЛО” ЖШС арасында Turan бизнес-инкубаторының резиденттері үшін STUDY tour қысқа мерзімді тағылымдамаларын өткізу бойынша меморандумға қол қойылды.

 

STUDY tour – TURAN бизнес-инкубаторының резиденттеріне арналған жергілікті және шетелдік стартаптарға, сондай-ақ табысты кәсіпорындарға арналған бағдарлама.

 

Бағдарламаның мақсаты – резиденттер тағылымдамадан өтетін ұйымдардың жұмысын зерделеу негізінде теориялық білімді жүйелеу, жалпылау және тереңдету, практикалық дағдыларды, жалпы мәдени, кәсіптік құзыреттіліктерді және бейіндік кәсіптік құзыреттерді дамыту болып табылады.

 

КАЗСТЕКЛО – 82 жұмыс орны бар табысты дамып келе жатқан қазақстандық кәсіпорын. Коммерциялық және тұрғын үй кешендері үшін әртүрлі шыны құрылымын шығарумен айналысады. Бүгінгі таңда «КАЗСТЕКЛО» кеңейіп, құрал-жабдықтар сатып алып, шыңдалған шыны шығаратын қосымша цехтарды іске қосуда.

 

2022 жылдың 30 мамырында TURAN бизнес-инкубаторының резиденттерінің бірінші тобы қысқа мерзімді тағылымдамадан өтті. Бұл тағылымдаманың мақсаты бизнес-процестерді тәжірибеде зерделеу және алған білімдерін стартап жобаларында қолдану болып табылады.

 

Осы тағылымдамада резиденттер кәсіпорынның бизнес-процестерін (маркетинг, сату бөлімі, қаржы бөлімі, техникалық бөлім, өндіріс) зерделеп, бизнес-процестердің жол картасын әзірледі. Және, кәсіпорынның бизнес-процестерінің моделін стартаптарда қалай қолдануға болатынын талқылап, өз стартаптарының бизнес-процестерінің алдын ала жол картасын жасады, сондай-ақ,  жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.

 

Кәсіпорынды қызықтырған ұсыныстардың бірі 3D принтерде шыны құрылымына арналған пластикалық компоненттерді құру және кәсіпорын тұтынушылары үшін дайын шыны дизайнерлік шешімдерді 3D модельдеу болды.

 

Нәтижесінде 3 курс студенті (TURAN бизнес-инкубаторының резиденттерінің бірі) кәсіпорыннан жұмысқа орналасуға ұсыныс алды.

 

Бизнес-инкубатор резиденттері атап өткендей, мұндай тағылымдамалар өз стартаптарын қалай құру керек екенін және жобалардың тиімділігін жаңа деңгейге көтеру туралы түсінікті кеңейтуге көмектеседі.

Online қабылдау