«Тұран» университетінде «Толеранттылық және геосаяси сын-қатерлер” атты ХҒТК өтті

«Тұран» университетінде «Толеранттылық және геосаяси сын-қатерлер” атты ХҒТК өтті

2022 жылдың 31 мамырында Тұран университетінде Тұран университетінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасындағы балалар жылына арналған «Толеранттылық және геосаяси сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияның мақсаты ­- толеранттылық мәселелерін қазіргі заманғы көпмәдениетті қоғамның өзекті қажеттілігін көрсететін адамгершілік және рухани санат ретінде талқылау. Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі толеранттылық, этносаралық бейбітшілік және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша пікір алмасу.

 

Конференцияға жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жұмысын үйлестіруші қызметкерлері, Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, магистранттары, ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану Институтының қызметкерлері қатысты. Конференцияның модераторы университеттің “Аймақтану және ХҚ” кафедрасы болды.

 

«Тұран» университетінің әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, оқытушылары мен студенттері, Волгоград мемлекеттік университетінің (Ресей), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Қазақ-Америка университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары, ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану Институтының ғылыми қызметкерлері баяндамалармен сөз сөйледі.

 

Барлық қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылады.

Online қабылдау