Antalya Bilim University Zero grant академиялық ұтқырлық конкурсы

Құрметті бакалавриат студенттері (1, 2, 3 курс)!

 

Түркияның Анталия Білім университетінде 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне арналған Zero grant академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланғанын хабарлаймыз. Алғы шарт – ағылшын тілін білу қажет, деңгейі В1 деңгейінен төмен емес.

 

Бір семестрдің оқу ақысы – 500 USD.

 

1-кезеңге қажетті құжаттар:

  • декан мен кафедра меңгерушісінің қолдары қойылған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтініш (қосымша)
  • төлқұжаттың көшірмесі (бар болса);
  • транскрипт;
  • шет тілін білуді растайтын сертификат (бар болса);
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б. (қатысуымен)

Құжаттардың толық пакетін 2022 жылдың 08 шілдесіне дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (707 кабинет) тапсыру қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон номерлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +72722604023, +77476284018

Online қабылдау