БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің жетекшісі құрметті Властимил Самекті Алғыс хатпен марапаттау

2022 жылдың 07 шілдесі «Тұран» университетінде БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің жетекшісі Властимил Самек мырза мен университет ректоры, профессор Алшанов Р.А. арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ректор университеттің интернационалдандыру мақсатына сәйкес құнды халықаралық серіктестікке қол жеткізуге қолдау білдіргені үшін Властимил Самекті арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

 

2022 жылдың 29 наурызында «Тұран» университеті мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылып, «Халықаралық ұйымдармен ықпалдастық орталығы» ашылды. Сонымен қатар «Тұран» университеті БҰҰ «Academic Impact» (UNAI) қозғалысына қосыла отырып, өзара әріптестікті арттырды. 2022 жылдың 22-23 сәуір аралығында «Тұран» университетінде БҰҰ Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен «Turan Model United Nations 2022» Халықаралық конференциясы өткізілді. Алдағы уақытта БҰҰ Қазақстандағы өкілдігі мен «Тұран» университеті арасында ортақ жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды.

Online қабылдау