ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

«Қазақстан халқы» Қоғамдық Қорының білім беру гранттары. Ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан студенттерге қолдау көрсету

Құрметті талапкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері!

 

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ «Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында гранттар мен шәкіртақы тағайындауға конкурс жариялайды.

 

Қор ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік немесе өзге грант алмаған жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.

 

«Қазақстан халқына» ҚҚ гранты мен шәкірақысына үміткерлер (талапкерлер) 10-17 тамыз аралығында таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына өтінім береді.

 

Талапкерлердің өтінімдерін ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия қарайды:

– 17-21 тамыз аралығында.

Маңызды: үміткер өтінім берумен өзі айналысады және осы процесс үшін жауапты болады.

 

Сондай-ақ, Қор ЖЖОКБҰ-ның ақылы бөлімдерінде оқитын студенттерге қор қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Студенттер «Қазақстан халқына» ҚҚ атынан грант және шәкіртақы алу үшін 1-15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ: taiburyl.kz сайтында онлайн-өтінім береді.

 

Студенттердің өтінімдерін ҮЕҰ комиссиясы қарайды

– 16-25 тамыз аралығында.

Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және оқу аяқталғаннан кейін грант иегері оны оқытуға жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.

 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның qazaqstanhalqyna.kz сайтынан алуға болады.

 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлер ЖОО-ның қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды тапсырады:

 

  1. Талапкердің жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі
  2. Ата-анасының/заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
  3. Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың /колледж дипломының көшірмесі (қосымшасымен)
  4. ҰБТ сертификатының көшірмесі (ағымдағы жылдың кез келген сертификаты)
  5. Көрсетілген санаттардың бірін (немесе бірнешеуін) құжатпен растау:
    – ауылдық жерлерден аз қамтылған отбасылар;
    – жетім балалар мен кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
    – мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар
  6. Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болып табылса, ата-анасының қайтыс болғаны туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі.
  7. Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы
  8. АӘК алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО)
  9. Конкурстарға, олимпиадаларға қатысқандығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (бар болған жағдайда)
  10. Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (бар болған жағдайда)

Ақылы бөлімдерде оқитын студенттер үшін (ағымдағы) құжаттар тізімі: 

  1. Үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі
  2. Ата-анасының/заңды өкілдерінің жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі
  3. Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың/ колледж дипломының көшірмесі (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды)
  4. Көрсетілген санаттардың бірін (немесе бірнешеуін) құжаттамалық растау: тұлғалар болып табылатын бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттер:
    – мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар;
    – жетім балалар мен кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
    – ауылдық жерлерден аз қамтылған отбасылар;
    – 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан;
    – ата-анасы/әкесі немесе анасы 1 және 2 топтағы мүгедектер болып табылатын студенттер.
  5. Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болып табылса, ата-анасының қайтыс болғаны туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі.
  6. АӘК алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО)
  7. Үміткердің/не ата-анасының/не кәмелетке толғанға дейін туған аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) мүгедектігін растау туралы анықтама (алатын орны ХҚКО)
  8. Оқу орнынан анықтама, оқу үлгерімі туралы мәліметтермен бірге (транскрипт) (алатын орны – деканат)
  9. Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы
  10. Үміткердің балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда)
  11. Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысқанын және жеңіске жеткенін растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда)
  12. Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (бар болған жағдайда)
  13. Мотивациялық хат, төмендегі мәліметтерді қамту керек:
    –  өзіңіз және отбасыңыз туралы ақпарат; қызығушылықтарыңыз бен хоббиіңіз және жетістіктеріңіз туралы;
    – оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы;
    – Неліктен мен білім алу үшін осы мамандықты таңдадым.
Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: