Солтүстік Кавказ федералды университетінің жазғы мектебі, Ставрополь қаласы

Тұран университетінің 4 студенті Ставрополь қаласындағы Солтүстік Кавказ федералды университетінің жазғы мектебіне қатысу мақсатында Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің грантын жеңіп алды. Әрбір қатысушыға ұшу, тұру, тамақтану, ойын-сауық және демалыс бағдарламасы және ПЦР тесті үшін ақы төленді.

 

Байқау жеңімпаздары:

 

  1. Сергазин Эльдар – «Менеджмент» кафедрасының студенті;
  2. Жаворонкина Александра – «Есеп және аудит» кафедрасының студенті;
  3. Федоров Виталий – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенті;
  4. Коновалов Кирилл – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенті.

Жазғы мектепте оқу 2022 жылдың 10-24 шілдесі аралығында өткізілді.

 

Оқыту бағдарламалары – «Киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару» және «Цифрлық трансформация – экономиканың жаңа мүмкіндіктері».

 

Қатысушылар Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Сирия және т.б. елдерден келген 200-ден астам студенттер болды.

 

Бұл жобаға қатысу нәтижесі жаңа алған білімдері мен бағдарламаларды аяқтағаны туралы сертификаттар болды.

Online қабылдау