27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні!

«Туризм және сервис» кафедрасының студенттері мен оқытушылары кәсіби мерекелерін «Тау Тұран» оқу-сауықтыру кешенінде атап өтті, онда бірінші және екінші курс студенттер3мен тимбилдинг өткізілді. Жоғары курс студенттері туристік шатыр құрастыру және туристік түйіндерді тоқу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Студенттер университеттің 30 жылдық мерейтойына сатып алған жаңа жабдықтарды сынап көрді. Кафедраға қолдау көрсеткен университет басшылығына алғысымызды білдіреміз! Енді құрал-жабдықтар туристік және спорттық дайындық, туризмнің белсенді түрлерінің технологиясы мен тактикасы бойынша сабақтарда қолданылатын болады. Туран университеті туризм саласының жоғары кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындайды!

Online қабылдау