«Туризм және сервис» кафедрасының студенттері Шанхай политехникалық университетінің (Қытай) онлайн жазғы мектебіне (Shanghai Summer School) бакалавриат студенттерінің гранттық қатысу конкурсына екінші жыл қатарынан белсенді түрде қатысуда.
«Тұран» университетінің «6В11102 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері Тактыева Дильфуза мен Аллазова Камила 2022 жылдың 1 шілдесі мен 24 шілдесі аралығында Жазғы мектепте оқуға конкурстық іріктеуден сәтті өтті.
Тренинг барысында студенттеріміз тілдік дағдыларын айтарлықтай шыңдап, қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметімен танысып, қытай тағамдарын дайындауды үйренді. Сонымен қатар, тренинг нәтижесінде студенттеріміз 2 сертификатқа ие болды: HSK Level 1 и Program Certificate.