Тұран университетінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында «Есеп және аудит» кафедрасы «Учет. Kz» ЖШС-нің Басқарушы директоры Осипова Аннамен «Студенттен кәсіпкерлерге: 5 алғашқы қадам» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды. Басқарушылық дағдылар мен күшті командалық қабілеттер көбінесе табысты кәсіпкерлер үшін көшбасшылықтың маңызды атрибуттары ретінде қабылданады. Осипова А. студенттердің өз бизнесін жүзеге асыру үшін кәсіби мен икемді дағдылары болуы тиіс екенін атап өтті. Тақырып «Есеп және аудит» БББ 2 және 3 курс студенттерінің қызығушылығын тудырды, олар белсенді талқылап, сұрақтар қойды. Олардың әрқайсысы өз идеяларымен және бизнеске деген көзқарастарымен бөлісті.