Медер Ахметовпен бірге «Potato print cut model» воркшопы

2022 жылдың 04 қазанында Бішкек қаласынан (Қырғызстан) сәулетші және суретші Медер Ахметовтың воркшопы өтті. Оған «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мен «Туризм» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қатысты. Воркшоп барысында көрермендер Медер Ахметовтың қарапайым нәрселердегі әдеттен тыс нәрселерді көру, заттарды әртүрлі қырынан қарау тәжірибесімен танысты. Практикалық бөлімде воркшоп қатысушылары картоп түйнектерін өздерінің шығармашылық нысандарын жасау үшін материал ретінде пайдаланды, яғни олар қазіргі әлемде шығармашылық сияқты қажетті құзыреттілікті дамытты. Нәтижесінде қатысушылардың көрмесінің  презентациялары болды.

Online қабылдау