2022 жылғы 4 қазанда «Жаһандық өзгерістер: ғылым мен білім берудің сын-қатерлері» халықаралық ғылыми-практикалық форумы аясында «Тұран» университетінің 30 жылдығына орай «Психология» кафедрасы «Дербес тиімділіктің факторы ретінде өзін басқару» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Спикер Марат Әбубәкріұлы Әсімов, Джулиет Драппер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының негізін қалаушы және жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, психотерапевт және «Психология» кафедрасының профессоры болды.
Ашық дәріс жеке тиімділік факторлары ретінде психогигиена және психопрофилактика мәселелеріне арналды.
Іс-шараға «Психология» мамандығының студенттері, сондай-ақ ниет білдірушілер қатысты.