6 қазанда Қазақстандағы алғашқы жеке университет – «Тұран» университеті (гуманитарлық-заң факультеті) (Алматы қ.) Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік қызмет және басқару институтымен (Мәскеу қ.) бірлесіп ғылыми семинар ұйымдастырды, оның шеңберінде қазіргі заманғы басшыларды даярлаудың маңызды мәселелері қаралды.
РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА проректоры Назаров Максим Николаевич және стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Разакова Дина Ибрагимовна, э.ғ.к., PhD докторы, «Тұран» университеті құттықтау сөз сөйледі. «Туризм және сервис» және «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.
Семинарға қатысушылар болашақ менеджерлердің тұлғалық-кәсіби дамуы, қоғамдық басқару жүйесіне кадрлар даярлау, кадрлар даярлауда жаңа кластер ретінде ГИ-технологияларды қалыптастыру және т.б. сияқты маңызды тақырыптарды талқылады. Нәтижесінде ынтымақтастықты дамыту бойынша келесі қадамдар белгіленді.