Шетелден арнайы шақыртылған профессор Благоев Веселиннің докторантурада сабақ өткізуі (Варна менеджмент университеті, Болгария)

2022 жылы 5-8 қазан аралығында «Тұран» университетінде докторанттарға арналған ғылыми- зерттеу семинары өтті. Осы пән бойынша модульді шетелден шақыртылған профессор – Варна Менеджмент Университетінің қызметкері Благоев Веселин Иванов (ВУМ), Болгария.

 

Веселин Благоев – Болгария маркетологтар қауымдастығының президенті, Болгария сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі, ВУМ ректорының орынбасары, МВА бағдарламасының директоры, София қаласындағы кампус директоры. Веселин Благоевтің «Кредиттік банк АД» Бас атқарушы директоры, Болгариялық жекешелендіру агенттігінің атқарушы директоры, Болгария Министрлер Кеңесінің Бас хатшысы, Болгарияның сыртқы сауда министрлігі департаментінің директоры және т. б. басқарушылық қызметтердегі тәжірибесі мол.

 

Сабақ барысында профессор Благоев заманауи операциялық менеджмент пен маркетингтің теориясы мен практикасын, сондай-ақ басқару және жариялау қызметінің жеке тәжірибесімен бөлісті.

 

Бұл модульге «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 15 докторанты қатысты. Модуль аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар электронды сертификаттарға ие болды.

Online қабылдау