“Беларусь Республикасының Азаматтық құқығы: жай-күйі мен даму тенденциялары” қонақ дәрісі

2022 жылғы 13 қазанда “Тұран” университетінің “Құқықтану” мамандығының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына “Беларусь Республикасының Азаматтық құқығы: жай-күйі мен даму тенденциялары” және “Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің ғылыми және білім беру әлеуетінің тұсаукесері” тақырыбында қонақ дәрістер өткізілді.  Дәрістерді Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Гродно қ., Беларусь Республикасы) доценті, з.ғ.к., Вартанян Авак Михайлович өткізді.

 

Қонақ дәріске, сондай-ақ, Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің доценті, з.ғ.к., Третьяков Григорий Михайлович, “Тұран” университетінің докторантура бөлімінің директоры Ниеталина Гаухар Құдайбергенқызы, “Тұран” университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Құттыбаева Гүлмира Ержеңісқызы, “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының оқытушылық профессорлық құрамы қатысты.

 

Қонақ  дәрісті “Құқықтану және ХҚ” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Қ.А. Жұмабаева ұйымдастырды.

 

Бұл дәріс студенттердің, осы іс-шара қонақтарының қызығушылығын тудырды, екі университеттің ынтымақтастығын нығайту бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

 

Осы кездесу аясында “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасы 6В04202-Халықаралық құқық (Бакалавриат) білім беру бағдарламасы және “Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу” ББ бойынша (Магистратура) бірлескен бағдарламаларды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Online қабылдау