2022 жылғы 5 қазанда «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының з.ғ.м., сениор-лекторы Ж.Ж.Долда «Азаматтық құқықтар мен міндеттер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ интеллектуалды ойын сипатында екі топтың арасындағы сайыс ретінде өтті. Сайыс төрт түрлі тапсырманы қамтыды, олар: азаматтардың құқықтарының саралануы, тест тапсырмалары, ситуациялық есептер және бейнелі тапсырма.
Іс-шараға «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.