2022 жылдың 6 қазанында Тұран университетінде «Тұран» университетінің 30 жылдық мерейтойына орай «Жаһандық өзгерістер: ғылым және білім берудің қиындықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті. 1992 жылы Алматыда негізі қаланған «Тұран» университеті Қазақстандағы алғашқы және ең ірі жеке университеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда университет экономика мен бизнестің дамуы мен қазіргі жағдайы туралы мәселелер бойынша оңтайлы шешімдерді іздеу мүмкіндігі мен ғылыми-инновациялық бастамаларды жүзеге асыру шеңберінде инновациялық және кәсіпкерлік университет ретінде қалыптасып отыр. Осы орайда «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының келесідей оқытушы-профессорлық құрамы: кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, з.ғ.к., Д.А.Оспанова, з.ғ.д., профессор Т.К.Акимжанов, з.ғ.д., профессор С.Ж.Сулейменова, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.А.Стамкулова, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.А.Алдабергенова «Тұран» университетінің 30 жылдығына орай төсбелгілермен марапатталды.