2022 жылдың 7 қазанында «Тұран» университетінің мерейтойына орай үлкен іс-шара өтті. Аталған іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚазҰУ ректоры және де шетелдік қонақтар өз құттықтауларын жеткізді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының з.ғ.д., профессоры Л.Т.Жанузаковаға қала әкімдігі тарапынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы атынан «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының з.ғ.д., профессоры Т.К.Акимжанов пен доктор PhD, қауымдастырылған профессор К.А.Джумабаеваны университет ректоры Р.А.Алшанов құрмет грамотасымен марапаттады. Кафедраның барлық оқытушы-профессорлық құрамын құттықтаймыз, еңбектеріңіз жана берсін!