Тұран университетінің 30-жылдық мерейтойына орай 2022 жылдың 22 қазанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасында ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Республикасының сайлау процесінің заманауи шындығы және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтеді.
Дәріс беруші ретінде з.ғ.д., профессор Абдрасулов Ермек Баяхметұлы қатысады. Біліктілігі «Заңгер», мамандығы «Құқықтану».
Еркін форматта өтеді. Студенттер, магистранттар, докторанттар және де адам құқықтарын қорғауға қызығушылық танытушылар шақырылады. Дәріс оқылады, оның барысында дәріскерге сұрақтар қойылады.
Өтетін орны мен уақыты: 22 қазан «Тұран» университеті, White Hall, сағат 11:00.