Project management week

2022 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында “Тұран” университетінде Жобаларды басқару апталығы өтеді. Апта ішінде шеберлік сыныптар, тренингтер және кейс чемпионаттары өтеді. PW Week аясында Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлерінің одағымен бірлесіп жобалық кеңсе ашылады. Апталық қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, ғылыми мекемелер, бизнес қауымдастықтары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтетін дөңгелек үстелмен аяқталады.

 

Бағдарламаны ашыңыз
Online қабылдау