Экономика факультетінің студенттері үшін кәсіпкерлік идеяларды қалыптастыру бойынша тренинг

“Тұран” университетінің 30 жылдығына орай өткен “Жаһандық өзгерістер: ғылым мен білімнің сын-тегеуріндері” халықаралық ғылыми-практикалық форумының алаңында экономика факультетінің студенттері үшін кәсіпкерлік идеяларды қалыптастыру бойынша тренинг өтті.

 

Тренингті Н. И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті технологиялық кәсіпкерлік орталығының басшысы философия ғылымдарының докторы О. Р. Чепьюк ұйымдастырып, өткізді.

 

Ольга Ростиславовна орталықтың жұмысы, білім алушыларды кәсіпкерлік қызметке тарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бизнес-жобалар туралы айтып берді.

 

Біздің серіктесімізге – Н. И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетіне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Online қабылдау