25 қазан – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күн. Бұл күні біз Республика күнін атап өтеміз. Биылдан бастап бұл мереке мемлекеттік мереке ретінде қайта жалғасты. «Туризм және сервис» кафедрасының студенттері бұл мерекені символикалық түрде еліміздің бірнеше тарихи дәуірлерін байланыстыратын «Таңбалы» қорық-мұражайына саяхатпен атап өтті. Мұнда жартас өнерінің ескерткіштері, қорымдар мен қола, ерте темір және орта ғасырлардағы көне қоныстардың қалдықтары шоғырланған. Саяхат аясында студенттер бүгінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген археологиялық кешеннің нысандарымен танысты. Сондай-ақ жаңа келушілер орталығы мен оның көрме залында болды. Маңызды тарихи-мәдени ескерткішті зерделеу – «Тұран» университетінде «Экскурсиятану» пәнін оқу шеңберінде «Туризм» білім беру бағдарламасы мамандарының оқу процесінің бөлігі (оқытушылар – Величко А.В., Серік М.А.).
Патриоттық тәрбие туған өлкенің тарихын зерттеуден басталады.