«Тұран» университетінің 30 жылдығына арналған «Жаһандық өзгерістер: ғылым және білімнің талабы» атты халықаралық ғылыми-практикалық форум

2022 жылы 6, 7 қазанда университет қабырғасында «Тұран» университетінің 30 жылдық мерейтойына орай «Жаһандық өзгерістер: ғылым мен білім талабы» атты орасан зор халықаралық ғылыми-практикалық форум өтті.

 

Іс-шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Министр өз сөзінде «Тұран» университетінің жетістіктері мен талаптарына тоқталып, республиканың жоғары білімі алдында тұрған өзекті мәселелерді қарастырды. ҚР жоғары оқу орындары мен «Тұран» университінің алдында тұрған негізгі міндеттер мен талаптарды анықтады:

 

  • «Тұран» университеті өзін оңтүстік өңірдегі инновациялық, ғылыми-технологиялық, кадрлық және өндірістік белсенділік орталығы ретінде көрсетуі тиіс. Барлық негізгі стейкхолдерлердің өзара әрекеттесуінің стратегиялық алаңына айналуы керек.
  • ғылым мен жоғары білім – аймақ экономикасының және тұтас елдің нақты қажеттіліктерімен ұштастырылуы тиіс. Сондықтан еліміздің жоғары оқу орындары озық кадрлармен қамтамасыз етудің жаңа моделін іске асыруы тиіс. Озық тәжірибені таратудың жергілікті орталықталығына айналуы керек. «Тұран» университеті ғылыми және инновациялық әлеуетін одан әрі дамытып, форсайт-зерттеулер жүргізіп Қазақстан Республикасы аймақтарының алдағы 5 жылдағы кадрлық қажеттіліктерін анықтауы қажет. Өкінішке орай, бүгінгі таңда, ЖОО ғылымы іргелі, қолданбалы ғылымды нәрлендіретін негізгі ғылыми платформаға айналмады. Біз үлкен күш-жігерді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді (ҒЗТКЖ) қолдау және қаржыландыруға шоғырландырамыз, яғни қолданбалы зерттеулер Министрліктің негізгі басымдығы болып қала береді. Ғылымды жан — жақты насихаттап, ғылымды қайтадан танымал, қызықты етіп, ғылыми мансапты үлкен мансаптық трамплинге айналдыру бүгінде өте маңызды. Біз ғалымның инноватор, әлемді және елімізді жылжытатын және жақсартатын адам ретіндегі мәртебесін қайтаруымыз керек.
  • жоғары оқу орындары кадрларды еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне қарай даярлауы тиіс. Бүгінгі таңда еңбек нарығында гуманитарлық ғылым мамандарының көптігі, инженерия мен педагогика саласындағы кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Жоғары білім беру моделі біздің азаматтарымыз үшін «әлеуметтік лифт» рөлін атқарып, еңбек нарығының ағымдағы және перспективалық сұраныстарына бейімделу қасиетіне ие болуы тиіс.
  • оқыту үшін қолайлы жағдай мен ортаны құру, сонымен қатар жоғары мектептің білім беру өнімін өзектендіру үшін инновациялық, ғылыми жетістіктердің серпінді өзгеріп отыратын жаһандық нарығына сәйкес білім беру сапасын ұдайы арттырып отыру қажет.

Іс-шараға әлемнің 30 елінен 50-ден астам танымал шетелдік және отандық спикерлер қатысты. Олардың қатарында Қолданбалы ғылымдар институтының профессоры, «Тұран» университетінің құрметті профессоры, жетекшілігімен 10-нан астам ізденуші табысты қорғалған, докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшісі Рrof.Dr.Гизе Роланд Циттау қ., Герлиц (Германия), Prof.Dr. Благоев Веселин Иванов (Болгария), Rrof.Dr. Jesus Garcia Laborda (Испания), Н.И. Лобачевский атындағы ННМУ доценті Горылев Александр Иванович (Ресей), «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті Алиев Урак Жолмурзаевич, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, э.ғ.д., Қазақстан Республикасы Экономикалық ғылымдар Академиясының академигі, профессор Соколов Сергей Сергеевич (Ресей), профессор Sharad Kumar (Ямайка), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Төлегенова Мадина Сәкенқызы, Бас продюсер, ҰКҚМО басқарма мүшесі Абельдинов Адай Құнанбайұлы, «Тұран» университетінің Туризм ҒЗИ директоры Вуколов Владимир Николаевич және т. б. болды.

 

30 жыл бойы жоғары дәрежелі мамандарды даярлауға қатысқан серіктестеріміз форум мен университет атына жылы лебіздерін білдірді! Құттықтау хаттары: АРТА «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінен»; Түркі халықтары Кеңесінен; «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан; Алматы қаласы Білім басқармасынан; Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасынан; Қазақстан Республикасы қаржыгерлер қауымдастығынан; еуропалық логистикалық қауымдастықтан; адвокаттар алқасынан; Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығынан; Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынан; ҚР ҰӘМ ғылым комитетінің экономика институты; Қазақ психологиялық қоғамы атынан; «ҚазақСинема» АҚ; Burgas Free University; Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті атынан; Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университеті атынан; Красноярск Мемлекеттік Аграрлық Университеті; Варна еркін университеті; Есенов университеті; Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті; «Педагогика мәселелері» журналы атынан; «Айқын Литер» баспасы; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ; тәуелсіз аудиторлық компаниялар мен қоғамдық қорлар және басқа да серіктестер атынан келді.

 

Форумның бірегейлігі 11th world conference on business, economics and management, 11th world congress of administrative and political sciences, 12th world conference on information technology сияқты үш әлемдік конференцияны өткізуде болды. Дүниежүзілік конференциялардың бірлесіп ұйымдастырушысы – Жоғары білім берудің білім беру технологияларын жоспарлау, қадағалау, аккредиттеу және үйлестіру кеңесінің мүшесі Рrof. Dr. Huseyin Uzunboylu болды, Никосия, Солтүстік Кипр. Кипр білім ғылымдары қауымдастығының президенті (EERA & WERA мүшелері), Web of science-тың 112, Скопустың 120-дан астам мақаласының авторы.

 

Сондай-ақ, серіктестеріміз Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік қызмет және басқару институтымен бірлесіп (Мәскеу қ.) «Заманауи басшыларды даярлаудағы инновациялық білім беру технологиялары» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізілді.

 

Форум алаңында білім алушылар үшін 10-нан астам ғылыми –практикалық іс-шаралар, конкурстар, батлдар, сараптамалық (фасилитациялық) сессиялар және шеберлік сыныптары, workshop, практикалық сессиялар, ашық дәрістер, ғылыми семинарлар және т. б. сияқты 30-дан астам практикалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Online қабылдау