“Үздік топ – 2021-2022”

2022 жылдың 31 қазанында “Тұран”  университетінде “Үздік топ – 2021-2022” байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Конкурс қорытындысы бойынша “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD К.А. Жұмабаева эдвайзері болып табылатын “Тұран” университетінің ” Құқықтану – 211-4″ тобы “Үздік топ – 2021-2022” номинациясын алды. Сондай-ақ, “Тұран” университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшановтың және гуманитарлық-заң факультетінің деканы, б.ғ.к., профессор  Г.К. Ерубаеваның құттықтауы болды.

 

“Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасы жеңімпаздарды құттықтап, одан әрі жеңістер тілейді!

Online қабылдау