Project Management Week ашылуы

2022 жылдың 31 қазанында «Тұран» университетінде Жобаларды басқару апталығы басталды. Осы апталықтың ұйымдастырушылары – «Тұран» университеті, Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлерінің одағы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

 

Бірінші күн аясында Алматыдағы шағын және орта бизнес өкілдері үшін мастер-класстар және тренингтер өтті.

 

Құттықтау сөз сөйледі:

 

  • Разакова Дина Ибрагимовна – «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, э.ғ.к., PhD докторы;
  • Эралиева Акеркин Егембергеновна – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары;
  • Палташева Мунавара Турсуновна– «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығының атқарушы директоры.

Тренингтер мен мастер-класстарға Алматы қаласының кәсіпкер әйелдері белсенді қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлері одағының, PMI PMP, CIMA тренері Ақзамбекқызы Ақботаның мастер-класста тыңдаушыларды Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі жобаларды басқарудың қазіргі жағдайымен және жобаны пайдаланудың практикалық мүмкіндіктерімен таныстырды.

 

Мухамедкаримова Анелия Маликовна, Apple Education – Apple Teacher білім беру бағдарламаларының нұсқаушысы, ЕҚДБ «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының маркетинг бойынша сарапшысы, мастер-класс аясында қатысушыларға Apple өнімдерін білім беруде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

 

Тренингте т.ғ.д., профессор С.А. Тусупова бизнес жобаларды құру және басқару үшін MS Project Professional бағдарламасын қолданудың практикалық негіздерін оқытты.

 

Мастер-класстар қатысушыларына презентация материалдары және қатысу сертификаты беріледі.

Online қабылдау