Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2022 жылы «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша «Тұран» университетінің магистратурасын бітірді.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қызылордаотын» ЖШС директорының көмекшісі болып бастады.
Осы жылдар ішінде Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты және Жетісу облысы әкімінің орынбасары.
Университет Шайтұрсын Д.-ның жетістігін мақтан етеді және еңбек жолында сәттілік тілейді!