10 қараша күні «Тұран» университетінде «Freedom Finance» инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов жастармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнесті жүргізуге қажетті дағдылар бойынша сұрақтар қойылды. Ол Қазақстан экономикасының даму перспективалары туралы сұрақтарға жауап беріп, бизнес-үрдістерді цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.
Турлов азаматтардың алдағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға қатысуының маңыздылығын атап өтті.