«Тұрақты туризм және экотуризм» тренингі «Туризм және сервис»кафедрасы оқытушыларының кәсіби даму мүмкіндігі ретінде

2022 жылғы 14-15 қарашада «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессор Ж. Т.Тілекова және сениор-лектор м. н. Турлыгазиева Қазақстандық Туристік қауымдастық ұйымдастырған «Тұрақты туризм және экотуризм» тренингіне қатысты. Тренинг спикері – Юрис Смалинскис, халықаралық сарапшы, Латвия ауылдық туризм қауымдастығының қызметкері. Тренингте келесі мәселелер талқыланды: тұрақты туризм мен экотуризм өнімін қалай құруға болады; Балтық, Еуропа елдерінде тұрақты туризм мен экотуризм өнімдерінің сәтті мысалдары қандай; тұрақты туризм және экотуризм өнімдерін қалай сатуға және ілгерілетуге болады және т.б. оқытушылар алған білімдерін экологиялық туризм, туризм маркетингі бойынша пәндер материалдарын өзектендіруде пайдаланатын болады.

Online қабылдау