19-23 қыркүйек аралығында «Тұран» университетінде «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастырумен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тілдер апталығы өткізілді.
Апталық жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
Тілдер апталығында ана тіліміздің маңыздылығын насихаттап, белсенділік танытуға шақыру мақсатында студенттерге және университет кафедраларына арнайы кітапшалар таратылды. Сонымен қатар студенттер «Томирис» фильмін тамашалау арқылы @life_turan Instagram парақшасындағы сұрақ-жауап айдарына қатысуға шақырылды.
Тілдер апталығының мақсаты: студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Қорытындылау: Шараға барлық 1-курстың 350-ден астам студенттері қатысып, іс-шараның бағдарламасына сәйкес өз тәжірибелерін көрсетті. «Журналистика және аударма ісі» кафедра меңгерушісінің қызметін атқарушы А.А.Құрманбаева осы тілдер апталығын өткізуге жауапты ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Айнұр Қаршығаева және барлық іс-шараға қатысқан кафедра оқытушыларымен бірге қатысқан студенттерге сертификаттар табыстады.