Айрис Хорманның «Language courses, internship and international career» тақырыбындағы қонақтық дәрісі

2022 жылдың 16 қарашасында Education First бөлімшесінің Халықаралық білім беру орталығының президенті Айрис Хорманның «Language courses, internship and international career» тақырыбында қонақтық дәрісі өтті. Студенттерге арналған іс-шараны ұйымдастырушы «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы болды.

 

Қонақтық лекция аясында Айрис шет тілдерін үйрену, тағылымдамадан өту және халықаралық мансап құру туралы білімімен бөлісті.

 

Дәріс бағдарламасы ақпаратқа бай болды және студенттерге кәсіби білім мен құзыреттілік ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәріс соңында тыңдаушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Online қабылдау