2022 жылғы 14 қарашада ұлттық валюта күні мен қаржыгер апталығын мерекелеу аясында “Тұран” университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өкілдерімен: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі департаментінің банктер мен банктік емес ұйымдарды дамыту бөлімінің бастығы Әнуар Маратұлы Бакиров және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері Нартай Өміртайұлы Есқараевпен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасу мәселелері, ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары және қазіргі жағдайдағы инфляциялық күтулер талқыланды.