25 қарашада «Тұран» университетінің базасында «Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Корпоративтік заңгер» БББ студенттеріне, сонымен қатар докторанттарға профессор, заң ғылымдарының докторы Қарағұсов Ф.С. «Корпоративтік құқық мәселелері» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді. Дәріс барысында корпоративтік заңнаманы жаңғырту, заңды тұлғалардың құқықтық институтын дамыту, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманы реформалау мәселелері талқыланды. Дәріс үлкен қызығушылық пен пікірталас тудырды.
Ұйымдастырушылар: заң ғылымдарының докторы, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры С.Ж.Сулейменова және заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті Г.А.Стамкулова.