25 қараша күні «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушылары Мырзатаев Н.Д., Кошкинбаева А.С., Долда Ж.Ж. Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University өткен «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын құқықтық қамтамасыз ету: ұлттық басымдықтар және халықаралық стандарттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция барысында кафедраның қауымдастырылған профессоры Н.Д.Мырзатаев «Ғылым мен жоғары білім беру саласын реттеудің конституциялық-құқықтық аспектісі: теориясы мен тәжірибесі». тақырыбында, кафедраның қауымдастырылған профессоры А.С.Кошкинбаева «Экологиялық талаптарды бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында және кафедраның аға оқытушысы Ж.Ж.Долда «Адвокаттық қызмет саласын дамыту перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.