«Tech Orda» бағдарламасын түсіндіру бойынша «Тұран» университетінің студенттеріне арналған ақпараттық сессия өтті

2022 жылғы 29 қарашада “Тұран” университетінде Экономика факультеті, гуманитарлық-заң факультеті және “Цифрлық технологиялар және өнер” факультеті студенттерінің «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің IT-экспорттық жобалық кеңсесі және StrategEast – Kazakhstan Ltd өкілдерімен кездесуі өтті.

 

Ақпараттық сессияда студенттерге «Tech Orda» бағдарламасының мақсаты, конкурстық іріктеу шарттары, оқыту форматы, IT-саладағы оқыту бағыттары, сондай-ақ қандай халықаралық және жергілікті компанияларда оқу мен тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтылды.

 

«Tech Orda» бағдарламасының мақсаты – ІТ мамандарын жылдам әрі сапалы дайындау және Қазақстандағы ІТ-қызметтер экспортының деңгейін көтеру. Бағдарлама аясында іріктеуден өткен әрбір үміткер халықаралық IT-компанияларда IT-мамандықтары бойынша оқуға 600 000 теңгеге дейін грант (ваучер) ала алады.

Online қабылдау